Категория:

ТРМК-де Аккредиттеу жөніндегі кеңестің XIV-ші отырысы өтті

30 наурыз, «Эталон орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Инвестициялар жәе даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ.Т. Доғаловтың төрағалық етуімен Аккредиттеу жөніндегі кеңестің XIV-ші отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушыларды қорғау комитетінің, Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті, Қазақстан Республикасы Индустриалды палата, «КАОС» ЗТҚ аккредиттеу субъектілерінің қауымдастығы, сарапшылар-аудиторлар және «КАУСТРИМ» ЗТҚ өкілдері, сондай-ақ «Қазақ метрология институты» РМК-нің бір-бірімен байланысты ұйымдары мен «Қазақ стандарттау және сертификаттау институты» РМК-нің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Аккредиттеу ұлттық орталығының 2017 жылғы жұмысының қорытындысы мен 2018 жылға арналған міндеттері тыңдалды, сондай-ақ Аккредиттеу жөніндегі кеңес пен аккредиттеу жөніндегі техникалық  комитеттері қызметінің нәтижелері туралы ақпараты тыңдалып жұмыс тобының жаңа бағыттары туралы баяндалды.
Бұдан өзге, отырыста аккредиттеу процестерін автоматтандыру мәселелері, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының кеден органына сәйкестікті растауға заңсыз берілген құжаттарды ұсынуы мәселелері талқыланды. 
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар жәе даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы Ғ.Т. Доғалов аккредиттеу саласында жақсы жағына ілгерілеушілік барын және проблемалы мәселелерде көңіл көншітерлік жетістерге қол жеткізгенін атап өтті. Экономиканың барлық салаларында аккредиттеу мәселелерінің маңыздылығын ескере отырып,  Аккредиттеу жөніндегі кеңес мүшелеріне осындай отырыстарды жылына екі рет емес, тоқсан сайын өткізіп отыруды ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша Аккредиттеу жөніндегі кеңес мүшелері сарапшы-аудиторлар штатын кеңейту бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды және Аккредиттеу жөніндегі кеңестің құрамына кандидатура ұсыну үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Экспортты дамыту және алға бастыру департаментіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне хат жіберу тапсырылды.