Категория:

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығында аккредиттеу жөніндегі кеңестің XIII-ші отырысы өтті

28 қыркүйекте, Мәңгілік ел даңғылы, 11-үйде «Эталон орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ.Т. Дугаловтың төрағалық етуімен, аккредиттеу жөніндегі кеңестің  ХІІІ-ші отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасының және Индустриалдық палатасының, «Әділет» тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, «КАОС» ЗТБ, және КАУСТРиМ» ЗТБ аккредиттеу субъектілерінің  өкілдері, сондай-ақ «Қазақстан Метрология институты» РМК және «Қазақстан Стандарттау Институты» РМК аралас ұйымының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында 2017 жылдың 9 айына Ұлттық аккредиттеу орталығының жұмыс қорытындылары туралы есеп, сондай-ақ  «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау туралы ақпарат тыңдалды. Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жаңа аккредиттеу бағыттарының дамуына, сондай-ақ аккредиттеу процесіне байланысты жекелеген нормаларды нақтылау бөлігінде аккредиттеу жөніндегі кеңестің мүшелері және бизнес-қауымдастықтың ұсынған ұсыныстарының негізінде аккредиттеу органы бастамашылық етті.

Сонымен қатар, отырыста парникті газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарды, сондай-ақ органикалық өндірісті және өнімді бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу сияқты бүгінгі күні өзекті жаңа аккредиттеу бағыттарын игеру жөніндегі мәселелер талқыланды.

Сонымен бірге Ұлттық аккредиттеу органының және Аккредиттеу жөніндегі кеңестің дәрежесін арттыру бойынша мәселелер талқыланды.

Отырыстың қорытындылары бойынша Аккредиттеу жөніндегі кеңестің мүшелері Ұлттық аккредиттеу органына жаңа аккредиттеу бағыттарын енгізу бойынша жұмысты жалғастыру, Ұлттық аккредиттеу органының және Аккредиттеу жөніндегі кеңестің дәрежесін арттыру үшін аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдардың тәжірибесін зерделеу, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар жобасын Аккредиттеу жөніндегі кеңестің мүшелеріне жіберу ұсынылды.